Жол жүру бағасы неліктен қымбаттады?

"Бұған не себеп?" деген сауалды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жолдадық. Олар мұндай бағаның былтырғы жылдың аяғында белгіленіп қойғанын айтты. Сөйтсек былай екен: "Отынға, жанар-жағар май материалдарына, автомашиналарға, аккумуляторлар мен босалқы бөлшектерге бағаның өсуіне байланысты жүйелі қалааралық, облысішілік бағыттарда жолаушылар жолақысының құны 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтерілді және ол 1 жол/км 7 теңгені құрайды". Соңғы рет баға көрсеткіші 2011 жылы қосылыпты. Содан бері баға еш өзгермеген. Бірақ, жолаушы тасымалдаушылардың шығындары өскен. Арнайы тарифті есептеу арқылы баға 44 пайызға көтерілді.
Ал, қалаішілік жол жүру құны әзірге өзгеріссіз қалмақшы.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА