Елдегі жалғыз әйел-инкассатор

Қазақстандағы жалғыз фельдъегерь-инкассатор әйел Қарабалық ауданында тұрады. Есімі – Асылай Баймақанова. Ол "Алтын көгершін" кәсіби сыйлығының иегері атанды. Бұл туралы жергілікті "Айна" газеті жазады.асылай
Асылай ханым почталық байланыс саласында 17 жыл еңбек етіп келеді. Оның күн сайынғы қызметтік міндеті – арнайы, жедел және айрықша құжаттарды тиісті мекенжайларға жеткізу. Қарамағында төрт ер адам жұмыс істейді: үш жүргізуші-инкассатор және бір инкассатор. Асылай бұл жігіттерге күніне екі рет қару беріп, нұсқамалық жұмыстар, ату оқу-жаттығуын жүргізеді. Аудандық почтаның басшылығы Асылайдың Қазақстандағы бірегей әйел-инкассатор екенін растайды. Сондай-ақ, аудандағы қару ұстауға құқығы бар азғантай әйелдің бірі. Фирмалық инкассатор формасы, белдіктегі тапанша, табанды мінез, тік көзқарас – мұның бәрі өзіне еріксіз назар аудартады. 
А.Баймақанованың кәсіби маңдай тері елеусіз қалмады. "Алтын көгершін" сыйлығы – оның облыс басшылығы тарапынан иеленіп отырған екінші жүлдесі. Дәл осындай қошеметке ол алғаш 2006 жылы ие болыпты.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓