Тарихи атауларды қайтару
Сарыкөлде аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабековтың төрағалығымен ономастикалық жұмыс тобының отырысы өтті.
Жиын барысында ономастикалық жұмыс тобының құрамына ішінара өзгертулер енгізу, 2014-2015 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, білім беру, мәдениет және спорт нысандарын және мәдениет саябақтары мен Сарыкөл кентінің демалыс орындарын басқа да жерлерді атауландыру мәселелері қаралды. Әсіресе, тарихи атауларды қайтару мәселелеріне қатты назар аударылды.
Комиссия мүшелері жаңадан құрылған жұмыс тобын бір ауыздан қолдап, бекітті. Жұмыс жоспары қаралған жағдайда өңдеуге қатысты бірнеше ұсыныстар айтылды. Жұмыс тобы күн тәртібіндегі барлық сауалдардың шешімін тауып, қатаң түрде қарап шықты.
Жалпы, тарихи атауларды қайтару – бұл қай жерді алып қарасаң да, ең өзекті талқыланатын тақырыптардың бірі. Сондықтан, сарыкөлдік жұмыс тобы аталмыш сауалды жіті бақылауға алды.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.