Макарон өнімдері зауыты салынады

Италияның Рим қаласында қазақстандық және итальяндық аграрлардың ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы әріптестік келешегін талқылауға арналған VIIІ жиын өтті.Мырзалиев
Өткен аптада рим қаласында "Kazakh Invest" ҰК" АҚ қолдауымен өнескәсіптік және экономикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан-Италия жұмыс тобы бизнес-форум өткізді. Қаазақстан делегациясы құрамында «ҚазАгро» ҰБХ-нің инвесторлармен қызметтестік жөніндегі департаменті директоры Руслан Тұраров, "Kazakh Invest" ҰК бас менеджері Сәуле Сабыр, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, сондай-ақ "Тобыл" ӘКК кәсіпкерлері, "Гранд" ЖШС,  "Бисенали" ЖШС өкілдері болды.  
Ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибе алмасу, АӨК бағытындағы инвестициялық жобаларды пысықтау мақсатындағы іссапар барысында делегаттар сол елдегі бірқатар аграрлық сектор мекемелерін аралады. "Kazakh Invest" ҰК, «ҚазАгро» ҰБХ және Қостанай облысы әкімдігі 9 мыңнан астам мекемені біріктіріп отырған Милан мен Ломбардия сауда-өнеркәсіптік палаталарымен келіссөздер жүргізді. Анығында, ауыл шаруашылығы өнімдерін жетілдірілген технологиямен өңдеу бағытында ортақ инвестициялық жобаларды іске асыруға ымыраласты.
Форум соңында қатысушылар бұл маңызды кездесудің қорытындысы туралы пікірлерін білдірді.
"Біз төрт күн ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеумен айналысатын бірнеше нысанмен таныстық. Соның ішінде 60 жылдық тәжірибесі бар PAVAN компаниясын ерекше атап өтуге болады.  Біз бидайдың қатты сұрыбынан жасалатын макарон өнімдерін өндіретін ортақ кәсіпорын құрғымыз келеді. Өйткені ол аймағымыз үшін аса сұранысқа ие", – дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.
Ал "Гранд" ЖШС басшысы Андрей Емельянов итальяндықтармен әріптестікті нығайтудың толайым табысқа бастайтын шешім екеніне сенімді.
"Қазақстанның жері құнарлы және біз астық егуді де ертеден меңгергенбіз. Бірақ өнімдерді өңдеуде өз технологиямыз жоқтың қасы. Италияға келгелі бері біз көптеген кәсіпорныдарға, зауыттарға бас сұқтық. Менің көңіліме ерекше жаққаны – азық-түлік өнеркәсібі құрылғыларын өндіретін FAVA компаниясы", – дейді А.Емельянов.
Жалпы, осы кездесу Fruges SAS, IBF Servizi S.p.A, CNR-IREA, SIS, OCRIM, CHIGI, OCRIM, CDP секілді итальяндық негізгі институттар таныстырылды. Бұлардың барлығы – ауыл шаруашылығы фирмалары. Сондай-ақ, қазақстандық делегация Andalini макарон өнімдері цехына барып, зауыт президенті Массимо Андалинимен жүздесті. Кездесу барысында, итальяндық тараптың қызығушылығына орай, "Макарон өнімдерін өндіретін зауыт құрылылыс" жобасын іске асыру бойынша өзара келісім жасасу мүмкін болды.  
Айта кетейік, бұл форумға қазақстандықтар алғаш рет қатысып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓