Аграрлық университет ашылмақ

Қостанай облысы еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру жағынан пилотты аймақ ретінде бекер таңдалып алынған жоқ. Бұл Мемлекет басшысының биылға Жолдауындағы «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» бағыты бойынша жүзеге асырылатын науқан. универ
(иллюстрациялық сурет)
Қостанайдағы «Мирас» мәдениет сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова тұрғындармен кездесуі барысында осылай деді. Қазір аймақта агротехникалық ХАБ құру жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.
– Аталған шараның негізгі бағыты Қостанай облысында аграрлық университеттің ашылуы болмақ. Онда ауыл шаруашылығы мамандарын жаңа форматта оқытып-даярлап шығару міндеті алға қойылған. Агротехникалық ХАБ мемлекеттік орган, ғалымдар мен шаруалардың ортақ алаңына айналмақ. Кейін бұл пилоттық жоба еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылатын болады, – деді А.Шайымова.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓