Мобильдік орталық Сарыкөлде болды
«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталығы Сарыкөл ауданына арнайы келді. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің өтініші бойынша келген мамандар аудан кәсіпкерлері мен жаңа ғана кәсібінің көкжиегін кеңейтуге кіріскендердің көкейтесті сауалдары бойынша тегін қызмет көрсетіп, келелі кеңестер берді.

Сондай-ақ, түс ауа аталмыш орталықтың сапары Сорочин ауылдық округінде жалғасты.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы