Төртінші тұғырға тұрақтады

Тараз қаласында жалауын көтерген «Қазақстан Республикасының екінші жазғы ауылдық жастар ойындары» өз мәресіне жетті. Оған Сарыкөл аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің футбол бойынша ең үздік жаттықтырушысы Виктор Старченко өз шәкірттерімен қатысып қайтты.
Виктор Старченко және оның шәкірттеріТәгіл орта мектебінде оқитын біздің жас футболшылардың қатарында – Эдуард Козлов, Роман Туктамышев, Алмат Шонов,  Айдос Дәуітбаев және Владимир Вотчель сынды спортшылар болды. Шағын футболдан облыстық құрамаға кірген олар республикалық деңгейде дүбірлеген спорттық жарыста бар күш жігерлерін жұмсап, еліміздің 14 өңірінен барған командалармен өзара бақ сынасты. Біздің облыстық құрама барлық топ бойынша ойындарда ойдағыдай нәтиже көрсетті. Айталық, Қызылорда облысының командасын – 2:1, Солтүстік Қазақстанды – 3:0, ал жарыс алаңы иелерін 2:0 есебімен ұтты. Өкінішке орай, финалда Оңтүстік Қазақстан облысынан келген ойыншыларға 2:1 есебімен есе жіберіп, төртінші тұғырға тұрақтады.
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓