Жол бойында – жаңа нысан
Әулиекөл ауданының Новонежин ауылында Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында жол бойында қызмет көрсететін кешен ашылды.
Жол бойындағы қызмет көрсету кешенін жергілікті кәсіпкер 2 жыл ішінде салып шыққан. Қонақ үйі, сауда дүкені, автотұрағы бар кешеннің салтанатты ашылуына жергілікті басшылық пен ауыл тұрғындары қатысты. Бұл нысаның тоғыз жол торабындағы аудан үшін қажеттігі зор. Бастысы, халықаралық стандартқа сай, заманауи жарақтандырылған.
Бұл қуанышты оқиғаның соңы мәдени, спорттық шаралармен жалғасты.