Бағытымыз – бағдарлама жүгін көтеру
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекенова мен тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақытгүл Сүлейменова Қамысты ауданына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі тілдерді оқыту орталығының жай-күйімен танысты. Аймақтан келген өкілдер аудан әкімі Ғазиз Бекмұхамедовтің қабылдауында болды. Тілдерді оқыту орталығының материалдық-техникалық базасымен, латын қарпіне көшу жағынан атқарылып жатқан жұмыстармен және ауылдық жерлердегі тілдерді оқыту орталығы топтарының жағдайын көріп, орталықтың жалпы жұмысына шолу жасады.
Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде аудандағы Тілдерді оқыту орталығы 2012 жылы жұмысын бастады. Орталықта қазақ және ағылшын тілдері оқытылады. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді насихаттауға арналған іс-шаралар үнемі өткізіліп отырғанын айта кету керек. Курсқа мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерімен қатар, аудан тұрғындары да жазыла алады. Елді мекендердегі азаматтарға да мемлекеттік тілді үйрету мақсатында 2018 жылдан бастап Алтынсарин, Бестөбе, Арқа, Қарабатыр, Клочков, Ливанов, Жайылма ауылдарында топтар ашылып, мемлекеттік тіл курстары жүргізілуде. Ал биылдан бастап өзге ұлт өкілдеріне өз ана тілдерін оқыту тапсырмасы бойынша неміс тілінен топтар ашылып отыр.
Айнұр САҒИДУЛЛИНА,
Қамысты аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры