Жат ағымдар жарға жығады
Сарыкөл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудан әкімдігі жанындағы діни терроризм және экстремизмге қарсы комиссияның мүшесі Елене Бауэр Маяк ауылдық округіне барып, жат ағымдар жайында келелі кеңес өткізді.
Айналамызда қаптап жүрген ағымдардың алдын алу үшін ауылдықтармен тілдесіп, оларға діни терроризм мен экстремизм туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Тұрғындардың болашақта теріс ағымдарға жол бермеуін, жас шыбықтай желкілдеп өсіп келе жатқан жастардың да ерсі ағымдардың етегінде кетпей, тура жолды таңдауларына септігін тигізу – шараның басты мақсаты болды.
Жалпы, жат ағымдар кім-кімді болмасын жарға жығады. Ал, ел ертеңдері осындай жиындардан түйген ата-аналарының ақылдарын тыңдап, естеріне сақтап өссе, жат қылықтарға жол бермейді. Жарға жығар жолды таңдамайды.
Мінеки, ең бастысы, жастардың жат ағымдар жетегінде кетпеуіне тосқауыл қойылса, еліміздің болашағы да нұрлы болмақ.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы