“Сені мәңгі жырлаймын, Тәуелсіздік!”

Тәуелсіздік күні мерекесіне арналып Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының "Тарих және өнер" факультеті осындай атаумен тағылымға толы іс – шара ұйымдастырды.
DSCF7534 Еліміздің әнұраны асқақтаған салтанатты шарада институт ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Сейітбек Қуанышбаев құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік марапаттауларды табыс етті. Еңбек адамдары ескерілген ұзын сонар марапаттаулардан кейін сахналандырылған қойылымдар көрсетілді.
"Бастауын ғұн мен сақтан алған, Мөде Тәңірқұт көсем болған, Ұлы түрік көсемі Күлтегін билік құрған, Көктүрік көшпенділердің Ұлы даласында осыдан тура 550 жыл бұрын "Қазақ" деген елдің іргесі қаланып, қазақ мемлекеттілігінің қазығы қағылды", – деп ақ сақалды, ақ шапанды абыз ата еліміздің түп тұқиянынан сөз тартты. Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек, атақты Абылай хан, қазақтың қастерлі үш биі: Төле, Қазыбек, Әйтеке, Алаш арыстары: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды ұлт көсемдерінің бейнелері сомдалды. Ел тарихындағы тағы бір қилы кезең – екінші дүниежүзілік соғысындағы ерлеріміздің от кешкен ерліктері де еске алынды.
 Қойылым соңында абыздың ақ батасымен астасып, халқымызың ән – күйі әуеледі. Слайд арқылы бүгінгі дамыған қазақ елінің жарқын көріністері көрсетілді.
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓