«Домбыра думан » «Қостанай таңының» төл бастамасы
Соңғы кезде талай игі бастамаға мұрындық болып жүрген "Қостанай таңы" газеті тағы да бір игі рухани кештің негізін қалады. Соның жарқын бір айғағы, кеше Қостанайдағы «Март» сауда-ойын сауық орталығында өткен «Домбыра думан» жобасы.
Аталмыш өнер кеші талантты жастарға еркін алаң болды. Қазақ өнерін құрметтеген кез-келген жас ортаға шығып домбыра шанағынан күй төгіп әсем ән әуелетіп, жырдан шашу шашты.
Облыстық қазақ драма театрының артістері, ҚМУ, ҚМПИ, ҚӘТУ ,ҚИЭУ –нің және мектеп оқушылары мен колледж студенттері, белсенді атсалысқан босқосу жоғары дәрежеде өтті.
Соңында «Домбыра думан» жобасының белсенді жастарын "Қостанай таңы" газетінің Бас редакторы Ж.Аязбекұлы марапаттап құрмет көрсетті. Жиын соңы жас ақындар Қ.Нұрсұлтан мен Қ.Наргүлдің айтысымен аяқталды.
Мешіт Ғазиз
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай