Тұрғын үйлер жөнделуде
Арқалық қаласында биыл тұрғын үй кешенін жаңғырту бағдарламасы бойынша 11 көппәтерлі үй күрделі жөндеуден өтуде. Осындай жөндеу жұмыстарының бірі – А. Байтұрсынов көшесіндегі № 28 үйде де жүргізіліп жатыр.

– Кондоминиум нысанына 22 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Құрылыста 22 адам жұмыс істейді. Бәрі де кәсіби шыңдалған мамандар деп айта аламыз. Жүктелген істі мінсіз атқаруда, – дейді мердігерлік жұмыстарды міндетіне алған "Әбдібеков" жеке кәсіпкерлігінің төрағасы Мұрат Әбдібеков.
Жөндеу жұмыстары алдағы қыркүйек айының орта шенінде аяқталады деп күтілуде.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы