Меланоманы емдеуге мүмкіндік туды
Швейцариялық ғалымдар терінің қатерлі ісігін емдеуде үлкен қадам жасады. Олар "Кобиметиниб" және "Зелбораф" препаратының қосарланған терапиясы терінің қатерлі ісігі – меланомаға шалдыққан науқастардың өмірін ұзартып, ұзақ уақытқа бетін қайтарады деп санайды, – деп хабарлайды Baq.kz

Жалпы, бұл дерт әлем медицинасында үлкен алаңдаушылық туғызуда. Жылдан-жылға тері ауруына шалдыққан жандардың саны да артуда. Дүниежүзі бойынша жылына 232 мың адам аталған дертке шалдықса, соның 70 мыңға жуығы қаза болады екен. Рош компаниясы аталған зерт-теу жұмыстарының қорытындысын АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы мен Еуропа дәрі-дәрмек агенттігіне ұсынуды жоспарлап отыр.
Қ.ОСПАНОВА.