Саяси кеңестің отырысы өтті
"Нұр Отан" партиясы Арқалық филиалының саяси кеңесінің мәжілісі өтті. Жиында партияның сайлау алды бағдарламасының жергілікті жердегі орындалуы қаралып, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы" талданды.

Шараға саяси кеңестің мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.