Салық көлемі 10 есеге көбейді

2015 жылдан бастап игерілмей жатқан ауылшаруашылық жерлеріне салынатын салық көлемі 10 есеге көбейді. Үкімет осылайша, тиімді пайдаланылмаған жерлерді мемлекет еншісіне қайтаруды көздейді. Бұл туралы кезекті баспасөз мәслихатында Қостанай облыстық жер қатынастары басқармасының басшы Нұрлан Әбдуов айтты.IMG_6491
-Қазір агроөнеркәсіп кешендері үшін салықты азайту үшін Салық кодексіне өзгертулер енгізуіне байланысты үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 262,4 мың гектар жайылымдық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 141,2 мың гектары өздігінен алынды, – дейді Нұрлан Әбдуов.
Нақтырақ айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтарына әлеуметтік салық 11 пайыздан 6,5 пайызға қысқартылды. Сондай-ақ, олар мүлікке, қоршаған ортаға келтірген зиян үшін төленетін салықтан босатылады. Есесіне, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімсіз ұстап отырғандар енді жер салығын артық төлейтін болады.
Азаматтардан мәжбүрлі түрде тәркілеп алынған республикалық реестрге енгізілген жер телімдерінің қатарында «Орқаш-Н» ЖШС бар. Жер Кодексінің 96-1-бабына сәйкес сот шешімімен жалпы аумағы 130658 гектар ауылшаруашылық жерлері тәркіленіп алынды.
-Игерілмеген жер телімдеріне қатысты төмендегідей шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы аудандық жер қатынастары бөлімдерінен алынған материалдарды Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментіне жолданды. Қостанай облысы бойынша жалпы аумағы 94529 гектар 117 жер теліміне салық төлемін 10 есе төлеу туралы мәселе қаралуда, – деді Нұрлан Әбдуов. 
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓