Әкімдер ауысты
Қостанай облысының қос ауданына жаңа әкімдер тағайындалды. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов әуелі Меңдіқара ауданына іссапармен барып, жергілікті жұртты басшыларымен таныстырды. Ол – бұған дейін Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ерлан Теменов. Жаңа әкім аудан активімен танысып, А.Бегежанұлынан бірқатар тапсырмалар алды.

-Е.Теменовтың екі жоғары білімі бар. 17 жылға жуық облыстағы салық мекемелерінде қызмет істеген. 5 жыл бойы Арқалық қаласы әкімінің орынбасары, соңғы бір жарым жыл ішінде Қостанай қаласы әкімінің орынбасары болды. Ерлан Олжабайұлының өмірлік тәжірибесі мен біліктілігінің арқасында жаңа қызметте табысты болатынына сенімдімін,-деді облыс әкімі А.Мұхамбетов.
Бұдан соң облыс әкімі Қарасу ауданына ат басын бұрды. Аталмыш аудан біршама уақыт басшысыз қалған болатын. Осы күнге дейін Меңдіқара ауданы әкімі қызметін атқарып келген Виктор Ионенко қарасулықтардың басшысы болып тағайындалды. В.Ионенконың үміткерлігін жергілікті мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.





Кенже ҚОНЫБАЙ
Суретті түсірген автор.