Берешек – 193 миллион теңге

Шілде айында Қазақстанда жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық басталды. Бірақ, борышкер негізгі қарызын төлеген жағдайда ғана. Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтеріне сәйкес, тек Қостанай қаласы тұрғындарының үш салық түрі бойынша берешегі 193 млн теңгеге жеткен.
салық
Қазақстанда салықтық рақымшылық 2 шілдеден басталып, 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады. 2020 жылдың 1 сәуірінен бері салық төлеушінің дербес шотында тұрған мүлік, жер және көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша өсімпұлдар алынып тасталды. Алайда, мамандар 2019 жылдың мүлік пен жер салығы 2020 жылдың 1 қазанына дейін төленуі керек екенін ескертеді.
"Мәселен, салық төлеушінің 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін көлік және өткен жылдарға жер салығы бойынша берешегі болса, заң бойынша салық төлеу мерзімі 1 қазанға дейін. Бұл қарыз емес, ағымдағы төлем болып саналады", – дейді Қостанай қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Жанна Тұрғанова.
Ресми деректерге сүйенсек, Қостанайда салық бойынша 16 мыңға жуық борышкер бар. Олардың берешегі шамамен – 193 млн теңге, оның ішінде негізгі қарыз – 123 млн теңге, 65 млн теңгесі өсімпұл. 
"Егер салық төлеуші 1 қыркүйекке дейін төлейтін болса, онда өсімпұл негізгі қарыз сомасы төленген салық бойынша жазылады. Ал көлік салығын төлеп, мүлігі жоқ болса, онда өсімді есептен шығару 1 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Егер мүлік бойынша төлесе, негізгі төлем ретінде өтеді", – деді Жанна Тұрғанова.
Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті, оны мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсынан білуге болады және "электронды үкімет" порталында "Электрондық сервистер", "салық берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер" бөлімдерінде көрсетіледі. Немесе мына нөмірлер бойынша: 28-18-32, 28-17-01 және WhatsApp 8-747-519-40-52.
дереккөз: alau.kz

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓