Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

"Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін  тәрбиелейміз, Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" – деп бекер айтылмаса керек. Халқымыз ерте кезден адамгершілікті, қанағатшылдықты, ар-ұятты,  инабаттылықты жоғары бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала қайда болса да, көрегенділігін көрсетеді.
қызҚазір қыз тәрбиесі күрделі. Тәрбие құндылықтары пәрмен-сіз. Ауыр сөз айтқан былай тұрсын, тіпті қыз балаға қол көтеретін жағдайларды да көріп қалып жатамыз. Бұл жай жылы жауып қоя салатын  мәселе емес.
Бүгінгі қыздарымыздың жүріс-тұрысы, киген киім-киісі, тәрбиесі қазақ халқына мүлде жат. Әрине көпке топырақ шашудың да қажеті жоқ. Бірақ айтпасқа тағы болмайды. Бұл ащы да болса шындық. Қыз тәрбиесі туралы көп айтамыз, бірақ, нәтиже шамалы. Бұған не себеп?…
Қазірде "Заман солай ғой" деген сөз тіркесі шықты. Біз неге тәрбиедегі кемшілігімізді заман-ға жаба саламыз? Неге заман кінәлі болуы керек? Сонда бізді тәрбиелеп отырған әке-шешеміз, ата-әжеміз қайда?  Міне, осындай сан мыңдаған сауалдар ешкімді бейжәй қалдыра алмайтыны анық. Қазіргі кезде кейбір арулардың  қысқа етекті белдемше киіп, алкогольдік ішімдіктер ішіп, шайтандар үйін паналауы бұл ең бірінші ата-анаға және екінші адамның өз ортасына байланысты. Біз кінәліні алыстан іздемеуіміз керек. Себебі, осындай орыны толмас олқылықтар ең бірінші тәрбиенің жетіспеушілігінен болады.
Бүгінгі ата-ана балам жақсы болсын деп ішер асын да, киер киімін де, кітап-журналын да, интернетін де, барлық мүмкіншілігін жасап береді.  Алайда, ата-ана міндеті мұнымен шектелмейді. Балаға ең бірінші керек құндылық ол – тәрбие. Ұлы Абай атамыз: "Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, ата-ананың қызынан қапы қалма" деген екен. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі  мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу – қазіргі отбасына үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт- дәстүрлер.
   Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт-дәстүрмен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды  жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенуіміз керек.
 Күнжамал Кенжеахметова.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓