Ұлық болсаң, кішік бол… халқымыздың осындай ұлы өсиетіне адал бір азаматымызға атаның ақ батасы

Магауия ЖунисовМағауия ЖҮНІСҰЛЫ,
мемлекеттік қызметтің ардагері,
Қостанай қаласының құрметті азаматы
 
Ақ батамды беріп, алғыс айтқалы отырған азаматым – Нұралы Мұстафа-ұлы Садуақасов, облыс әкімі. Бәлкім, газет оқырмандары бүкіл тоқсан бес жыл-ғы ғұмырында сабырлы да салмақты ғұмыр кешкен, талай белестер мен асулардан өткен, облыс және қала IMG_7806..басшылығында соңғы жетпіс-сексен жылғы тізгін ұстаған азаматтардың бәрін де бес саусағындай білетін ағамыздың өзінің балаларынан да кіші Нұралыға неге ықыласы түсіп отыр дер. Айтайын, біріншіден, ол Елбасының, Тұңғыш Президенттің біздің өңірдегі сенім артқан өкілі, сенімді көмекшілерінің бірі, екіншіден, бүгіндер тізгін ұстаған түлегіміз ердің жасы – елуге келіп отыр. Үлкен белес, азаматтың нағыз кемелденіп, толысқан, тәжірибе жинақтап, тереңнен ойлап, кең көсілер, алысқа қарар кезі.
DSC_2970Нұралы баламның өткен өмір жолына көз салсам, ол өз тұстастарының үнемі алдында жүріпті. Кешегі алып держава Кеңес Одағының астанасы – Москва қаласындағы аты әлемге әйгілі К.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясын бітіріп, агроном мамандығын алыпты. Ол осынау мәртебелі білім ордасынан қанаттанған облыстағы санаулы мамандардың бірі. Өзінің туып-өскен Әулиекөл ауданында еңбек жолын  қа-сиетті Жер-ананың тамыршысы болып бастап, жайқалтып егін өсіреді, жастық жалынмен тер төгіп, табысқа жеткен түлегін аудан комсомолдары өздерінің жетекшісі етіп сайлайды. Бұл 1988 жыл екен, содан екі-үш жыл өткенде IMG_6188 (2)талабы таудай тұлғаны облыстық комсомол комитетінің екінші хатшылығына жоғарлатады. 1992 жылдан ол Қостанай облыстық әкімшілігінде бөлім меңгерушісі, облыс әкімі аппаратының жетекшісі, Қостанай ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Әулиекөл, Қостанай аудандарының, Қостанай қаласының әкімі болып қызмет істейді. Облыс әкімінің ауыл шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалып, туған өлкенің ең басты байлығы – Жер-ананың нағыз бапкері ретінде ел ықыласына бөленеді.
Облысты сегіз жыл бойы басқарған Сергей Кулагин басқа қызметке ауыс-қанда Елбасы арнайы өзі келіп, Қостанай сияқты құйқалы өңірдің тізгінін осы Нұралы Мұстафаұлына ұстатты.
Содан бері осы баламыздың күнделікті өмірі біздің көз алдымызда.  Жақында ол Астанада болып, Орталық коммуникациялар қызметінде есеп беріп оралды. Оны да теледидардан мұқият қадағалап, кейін газеттерден оқыдым. Өңірімізде атқарылып жатқан істерге, қол жеткен табыстарға риза болдым. Бүгіндер біздің аймақта 500-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындары бар, оларда 50 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Биылғы тоғыз айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 389 млрд. теңгеден асыпты. Облыста  биылдың өзінде 8,5 мың автокөлік құрастырылмақ. Қаншама тұрғын үй салынды, руханият саласында қанша өзгерістер болды.
IMG_2954Ал ауыл шаруашылық саласындағы табыстарымыз да аз емес. Биыл ауа райының құрғақшылық жағдайының өзінде әр айналымнан 10 центнерден астам алтын  дән өсірілді. Оны жинайтын уақыт келгенде жауын-шашын бір толастамады. Тіпті  осы қараша айының аяғына дейін диқандарымыз танаптан кетпей өнімді кездескен қиыншылық-тарға қарамай жинап алды.
Облыс әкімі орақ кезінде бір тыным таппай аудан, ауылдарды аралап, қысылтаяң сәтте диқандар ортасынан табылды. Ол күні кеше ғана аудан IMG_3887әкімдері мен шаруашылық басшыларына қарапайым еңбек адамына биылғы қажырлы еңбегі үшін лайықты құрмет көрсету қажеттігін шегелеп тапсырды. Өйткені ол алтын астықтың әр түйірінің қаншалықты еңбек, маңдай термен келетінін жақсы біледі.
Аудан, ауылдарды аралады дегеннен шығады, облыс әкімі болып тағайындалған соң ол алғашқы іс-сапарын қасиетті Торғай өлкесінен бастап, сондағы имандылық ортасы – мешітте аузы дуалы ақсақалдармен сыр-сұхбат құрып, олардың батасын алды.
IMG_0577..«Ұлық болсаң, кішік бол» дегеннің бір көрінісі де осы шығар.
Үшіншіден, әкім інімнің өткен жылы осындай Жаңа жыл қарсаңында ерекше бір салтанатты жағдайда дастарқан жайып,  оған еліне еңбегі сіңген аға-апаларын шақырып, қонақ еткені бар. Сонда осы қонақасыға деп сойылған жыл-қының табаққа  салынған шекесін тәжі-рибелі даяшыдай әдеппен келіп, маған өзі тартып еді. Сонда үлкен қызметтегі жанның жанындағы көп көмекшілері  атқарып істі басқа біреу емес, өзі орындағанына іштей көңіліміз толып, риза  болған едік. Бір қарағанда сол сәтінде елеусіз ғана қала берген осы жайттың артында қаншама ғибрат, кісілік пен кішілік тұр.
Бүгінгі осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Нұралы ініме сол бір сыйластық, құрметі мен ізеті үшін аталық ақ алғысымды білдіріп, ризашылығымды айтамын.
Рас, мен өзімнің ұзақ ғұмырымда сый-сияпаттың талайын көрген адаммын. Құдайға шүкір, балаларым мен немерелерім  де ешкімнен кем емес. Құдай қосқан, алпыс жылдан астам бірге жасас-қан зайыбым Зайра апаларың аман, баламның үлкені – Болат, ол Қазақстанның құрметті энергетигі, екінші ұлым – Абай, ол Қазақстанның құрметті сәулетшісі…
IMG_6214 (2)…Сол қонақасыға қатысқан облыстық «Қостанай таңы» газетіндегі журналист інілерімнің бірі табақ тартқан әкімнің суретін түсіріп алған екен. Биыл жыл басында 95 жасқа толған мерейтойымда сол жәдігерді әспеттеп, ерекше әсем безендіріп өзіме сыйлаған болатын. Сол мерейтойыма Нұралы Мұстафаұлы да құттықтау хат жолдап, сый-сияпатын жасап еді.
Бүгін осы хатты облыс өмірінің айнасы, жетпіс жылдан астам сенімді серігім болған «Қостанай таңғы» газетінің редакциясына арнайы жазып, оған  редакцияның фототілшісі Бағдат балам түсірген ерекше суретті қосып, жолдап отырмын.
Өйткені елуге келген еріміздің мерейі елдің де мерейі ғой…
СУРЕТТЕРДЕ: облыс әкімі қызметінің кейбір сәттері
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓