Қолдауға зәру

Қостанайдағы «Тайфун» әскери патриоттық клубы қаржылай қолдауға зәру. Клубқа келетін оқушылар мен студенттерге оқу-жабдықтары мен қару-жарақ макеттері жетіспейді. Шәкірттердің көбінде арнайы киім үлгісі де жоқ. Қаражат тапшылығына байланысты әскери дайындықтың әдіс-айласын жетік меңгерген жеткіншектер республикалық сайыстарға қатыса алмай отыр.3e46c89e9d4345a67b7b594bbb138533
«Тайфун» клубы құрылыс колледжінің жанынан құрылған. Он төрт жылдан бері оның шәкірттері талай слеттер мен сайыстарға қатысып, жүлделі оралған. Қазір мұнда оннан астам мектеп оқушысы мен отызға жуық колледж студенті дайындықтан өтіп жүр. Алғашқы әскери дайындықтың айла-тәсілін үйреніп жатқандар қатарында қыздар да бар. Клуб шәкірттері сап түзеу, мылтық ату, арқанмен өрмелеу, қоян-қолтық ұрыс әдістеріне машықтанады.  
-Осы клубтан мен бәрін түсініп, бәрін үйрендім. Өзіме өте ұнайды. Келешекте мен офицер болғым келеді, – дейді колледж студенті Нияз Қарабаев.
Дегенмен, әскери клубта оқу-құралдары мен қару-жарақ макеттері жеткіліксіз. Қолда бары ескірген. «Алатын қаржы көзі жоқ» деген клуб жетекшілері, ара-тұра ауған соғысы ардагерлерінің бірлестігінен ғана азғантай көмек болатынын айтады. 
«Тайфун» әскери патриоттық клубының жетекшісі Александр Козловтың  айтуынша,  оқу орнында алты мылтық бар. Барлығы ескіріп, әбден тозығы жеткен. Шәкірттер жаңа мылтық атуды үйренгені жақсы ғой. Нысанаға дәл тигізу үшін қаруың сай болу керек. Сондықтан ескіні жаңарту қажет.
Ал облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ермек Айтмағамбетов оқу ордасының бюджетіне өздерінің тікелей қатысы жоқ екенін айтады. Себебі білім ошағы қаражатты қайда жұмсау керектігін өзі шешеді екен. Бірақ басымдылық әскери-патриоттық және тәлім-тәрбие бағытына жұмсалауы тиіс. Дегенмен, колледж директоры әскери патриоттық клубтың жабылмауы үшін қолдан келгенін аянбауда. Тіпті демеушілер іздестіріліп жатыр екен. Қаржылай қолдау көрсетілсе, көне құрал-жабдықты түгел жаңартып, шәкірттерді мәртебелі сайыстарға да аттандырғалы отыр.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓