Бір қорап кәмпит беремін деп…
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 1951 жылы туған азамат Б. ҚР ӘҚБтК-нің 676 бабының 2 бөлігі бойынша (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, ағымдағы жылдың 20 наурызында сағат 10.30 шамасында азамат Б. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» ММ басшысының кабинетінде мекеме басшысына құны 1270 теңге болатын «Баян Сұлу» маркалы бір қорап кәмпит түрінде заңсыз сыйақы берген.
Сот отырысы барысында Б. өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін білдірді.
Айыпталушы 200 АЕК, яғни 396 мың теңге мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі