Облыс әкімі оңтүстік аудандарда

Қостанай облысында қала және аудан әкімдерінің халық алдында есеп беру жиындары басталды. Осы мақсатпен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстың оңтүстік өңірлеріне барды. WhatsApp Image 2018-01-31 at 14.04.45Дәл қазіргі уақытта аймақ басшысының қатысуымен Жанкелдин ауданында жиын өтіп жатыр. Мұнда аудан әкімі Шота Оспанов өткен жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп беруде. Бұл жиынға облыс әкімімен қоса, Дін істері жөніндегі басқарманың және Денсаулық сақтау басқармасының басшылары қатысып отыр.WhatsApp Image 2018-01-31 at 14.06.55Артта қалған бір жыл ішінде Торғайда қыруар шаруа еңсерілген. Аудан әкімі Шота Оспанұлының айтуынша, 2017 жыл Қазақстан үшін маңызды жыл болды. Оның ішінде, аудан тұрғындары үшін өткен жыл, ең алдымен, ел Президенті ұсынған Қазақстанның даму жолына бұдан әрі де ой түюге және мемлекетті жаңа деңгейге ауысуға дайындауға бағытталған стратегиялық құжаттермен есте қалды. 
Мәселен, Жанкелдин ауданында "Рухани жаңғыру" аясында "Өшпес рухты тұлғалар" жобасы аясында Алаштың 100 жылдығына, Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына арналған аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілген. Сондай-ақ, Жолдауда айтылған латын әліпбиіне көшу мәселесін тиісті деңгейде жүзеге асыру мақсатында аудан орталығында тілдерді дамыту орталығы өз жұмысын бастады.
– "Ауылыма перзенттік парызым" жобасы шенберінде Спабековтер әулетінің қолдауымен Аралбай ауылында шағын футбол алаңы ашылды. "Өрлеу" шаруа қожалығының басшысы Алтай Жүнісов демеушілігімен 48 млн теңгеге Оспан қожа әулие мешітіне күрделі жөндеу жүргізілді, "Туған елге тағзым" жобасы негізінде Қабылбек Хасенов "Қара қоға" қорымына қоршау орнатты, Қаратүбек орта мектебі түлектері балалар ойын алаңын салып, жиһаз әперді, – дейді аудан басшысы өз есебінде.
Ауданның экономикалық негізгі саласы, стратегиялық маңызды бағыты – ауыл шаруашылығы. 2018 жылдың басына мұнда 127 шаруа қожалығы жұмыс істеп, шаруа қожалықтары 559 257 гектар жер пайдалануда. 
– "Сыбаға" бағдарламасы бойынша өткен жылы берілген жоспар 166,7 пайызға орындалып, 50 бас ірі қара мал сатып алынды. "Құлан" бағдарламасы бойынша 2017 жылдары 15 мал алу тапсырмасы берілген болатын. Ол бойынша 34 бас жылқы сатып алынды. Орындалуы 226,7 пайызды құрады. Агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығындарының орнын толтыру, субсидиялау қағидаларына сәйкес 7 шаруа қожалығы 50 пайыздық субсидияға қол жеткізді. Инвестициялық салыным көлемі 110 млн теңгеден асып, оның 37,6 теңгесі субсидияланды, – деді Шота Оспанұлы.
Артта қалған бір жылда интернет жүйесіне қосылғандар саны 754-ке жетіп отыр. Жыл басынан бері жаңадан 169 ғаламтор нүктелерін орнатылды. Сонымен қатар, 5 елді мекенде сандық телеарна орнатылған.
2017 жылы аудан әкімі аппаратында Қостанай облысы әкімі берген барлығы 163 тапсырма бақылауда тұрды. Барлық тапсырма мерзімінде орындалып, тиісті ақпараттар уақытында жолданған.
– Өткен жылдың қорытындысы көрсеткендей, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері оң сипатта. Бұл – барлық торғайлықтардың еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту, ауылдық жерлерде ірі мал шаруашылығы кооперативін құру, шағын бизнес және қызмет саласында кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасаймыз, – деді Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов.
Ауданда шешуін күтіп тұрған мәселелер де жоқ емес. Мысалы, Торғай кентіндегі Ш.Уəлиханов атындағы орта мектептің ғимараты күрделі жөндеуге мұқтаж. Құны 230 млн теңге тұратын жобаның сметалық құжаты дайын. Биыл білім ордасы жаңа кейіпке енуі мүмкін.
 
Жанкелдин ауданынан Кенже Қонысбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓