Аудандық филиал төрағасы қоғамдық қабылдау өткізді
“Нұр Отан” партиясы Жангелдин аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин аталмыш партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
“Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының қабылдауына филиал төрағасының бірінші орынбасары Р.Ахметжанов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л.Зейнекина, жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы С.Зылғарин, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Р.Құлетов қатысып, әрқайсы өз салалары бойынша тиісті сауалдарға жауап беріп отырды.
Қоғамдық қабылдауда болған жұмыссыз жүрген жас мамандар үшін осындай қоғамдық қабылдаулар өте қажет. Себебі мұнда тілдесіп, мәселелерді айтуға мүмкіндік бар.
Жалпы, үстіміздегі жылдың 9 айында аудандық партия ұйымының қоғамдық қабылдауына келіп түскен өтініштердің 89 пайызы оңтайлы шешілген. Оның ішінде тұрғын үй кезегіне тұру, жер телімін сатып алу, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында шағын несие алу жөніндегі күрделі мәселелер шешімін тапқан. Ал бүгінгі қоғамдық қабылдауға келген жас мамандар алдағы уақытта жұмысқа орналастырылатын болады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы