Ұлт саулығы – маңызды фактор

188dfe33-054c-400d-8e1b-12d1814adb2dМемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар мәселені көтерді. Оның ішіне қазіргідей төрткүл дүниені түгел шарпып тұрған пантемияға байланысты елде қалыптасқан ахуалды түзету үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Алдымен экономиканы халыққа бұру керектігіне тоқталды.  «Денсаулық сақтау, білім мен көмірсутегі құрамы аз технологиялар, ғылым мен экология ерекше назарды талап етеді. Басқаша айтқанда, біз экономиканы халыққа бұруымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев отырыс барысында. Президент  ел қазынасынан бөлінген  қаражат тиімді жұмсалуы тиістігін қатаң  ескертті. Бұл өте дұрыс шешім. Қазір не көп – қаптаған бағдарлама мен аты-жөні белгісіз жоба көп. Олардың бәріне қыруар қаржы жұмсалады. Қазіргідей қысылтаяң шақта ең бірінші халықтың денсаулығы маңызды. Өйткені, адами капитал ең құнды фактор. Сондықтан, Қ.Тоқаев : «Күмәнді стратегиялар мен бағдарламаларға қаражат пен күшті бағыттауға қақымыз жоқ. Ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылымдық реформаларды қолға алатын уақыт келді», – деді. Кез келген дағдарыс – басшылардың кәсіби біліктілігін көрсететін  сынақ. Осыны естен шығармау керек.  Ең алдымен күнбе күн қымбаттап жатқан азық-түлік бағасы мен дәрі-дәрмектің бағасына тосқауыл  қою қажет деп ойлаймын. Неге десеңіз, «үйдегі нарықты дүкендегі баға бұзады» дегендей, сауда нүктелеріне иә болмаса дәріханаларға бара қалсаңыз баға ұшып тұр. Оны қазіргі жағдайда жұрттың көбінің қалтасы көтере бермейді. Біз бәріміз біріксек қана індетті түбегейлі жоя аламыз. Бұл жағынан келгенде Президент айтқан мәселелермен келіспеу қиын.
                                                                                                               
  Сұлтанғали Оспанов,
                                                                                                                  еңбек ардагері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓