Не үшін Құмай тазы атанған?
Құмай – жүйрік деген мағынаны білдіреді. Құмай – құстың түрі. Аңыз әңгімеге сүйенсек, бірде тазының күшіктерін құмай құс іліп әкетіп, ұясындағы балапандарына жемтікке тастайды. Ит деген қу ғой. Құмайдың балапандарымен жығысып жүріп, бірлі-жарымы аман-қалған. Қанаттанғаннан кейін құмай ұшып кетеді. Ит ұяда қалады. Ағаштың ұшар басындағы ұядан түсетіндей мүмкіндігі болмаған күшіктер қыңсылап, дауыс шығарады. "Пәлен жердегі құмайдың ұясында күшіктің дауысы шығады, құмай құс ит тауыпты. Құмайдың жұмыртқасынан болса, онда қыран болады", – деген адамдар арқан салып жүріп, ұядағы күшікті үйге алып келеді. Шын мәнінде, бәрі қыран болмаса да, кейбіреуі жүйрік, құстай жылдам болып шығады (Қ.Бегманов. Халқы мықтының салты мықты).
Суретте: Жарас Смағұлов ауылдасы Берікпен бірге.