Мүгедек балаларға тарту

Мүмкіндігі шектеулі жандарЖалпы, Сарыкөл ауданында 656 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Солардың ішінде 50-ден астамы балалар.
Тұңғыш Президент күні  қарсаңында "Сарыкөл" аудандық газеті аудандық кітапханада мүгедек балаларға арналған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
"Үміт" деп аталған шараға аудандық кәсіпкерлер палатасы, әлеуметтік қорғау бөлімі, коррекциялық кабинеті және 30-ға жуық кәсіпкер әйел демеу-шілік жасады. Оған қоса, аудандық кітапхана қызметкерлері, мұғалімдер, аудан мектептерінің әлеуметтік мамандары қол ұштарын созды.
Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Елжан Тұрабеков,  аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Руслан  Молдабеков және коррекциялық кабинет меңгерушісі Марина Мирошниченколар балаларға жылы лебіздерін білдіріп, ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған сыйлық пен жеміс-жидек және тәттілерді барлығы 23 балаға тарту етті. 
Бір айта кетерлігі, шараға арнайы шақырылған балалар өздерінің мерекеге арнап жасаған бұйымдарын ала келіпті. Көздің жауын алған дүниелер көрмеге қойылды.
Сондай-ақ, Чапаев ауылдық клубының басшысы Татьяна Фабер келіп, балаларға қуыршақ театрын ұсынды. Балалар "Бауырсақ", "Қызылша" ертегілерін тамашалап, езулері құлақтарына жетті.
Шара соңында ата-аналарының атынан сөз алған  Майра Төлебаева ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓