Автоөндіріс: сапа және сатылым

       Өткен жылы өңірде автоөндіріс 2,4 есеге өскен. Облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спановтың айтуынша, бұл үдемелі индустрия бағдарламасының шеңберінде ашылған кәсіпорындардың үлкен жетістігі.  Жалпы, 2017 жылы 95,3 млрд теңгенің өнімдері өндіріліпті.аллур
       – AllurGroup компаниясына қарасты «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өткен жылы 5300 жеңіл көлік шығарылған. Сондай-ақ, IVECO маркалы автобус құрастыру 24 есеге ұлғайып, 410 данаға жетті. Сапасы да шетелдік компаниялардан бір де  кем емес. Қоғамдық көліктердің басым бөлігі бүгінде Астана қаласында, жолаушылар тасымалдау ісіне жұмылдырылған. Өткен жылы зауытта 1200 дана «Ravon» және 1000 дана Қытайдың «JAC» бренді өндіріске шықты,-дейді Е. Спанов.
         Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов өндіріс көлемін арттырудан бөлек, өнім өткізу жағын да мықтап қолға алу қажеттігіне баса назар аударды.
         -Былтыр «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің арқасында біраз автобустарымыз сатылымға шығарылды. Биыл да сол үдеден төмендемей, сатылым көлемін бір деңгейде ұстауымыз қажет. Біріншіден, барлық аудан, қала әкімдері жергілікті өнімді сатып алулары керек. Басқа облыстарға да ұсындай ұсыныспен шығуды тапсырамын,-деді аймақ басшысы.
          Кеңесте Қостанай автоөндірісінің өңірге инвестиция тартуға белсенді түрде араласып келе жатқандығы айтылды. Мәселен, өткен жылы ғана Қытайдың экспорт және импортпен айналысатын мемлекеттік China National Machinery IMP. & EXP. CORP компаниясы AllurGroup («СарыарқаАвтоПром» ЖШС) компаниясымен бірлескен келімге қол қойған болатын. Осы арқылы Қостанай автокөлік құрастыру зауытына 22,4 млн доллар инвестиция тартылды.
          Осылайша, өткен жылы облысқа құйылған инвестиция көлемі 3%-ке артқан. Ал сыртқы қаржыландыру 2 есеге ұлғайтылып, алғаш рет 200 млрд теңгеден асты.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓