Жас маман жұмыс іздейді

Алтынсарин ауданы Шоқай ауылының тұрғыны Нұрлан Қайсар мамандығына сай жұмыс іздейді. Ол 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Биология» мамандығы бойынша бітірген. Оқуын аяқтаған соң универистет кафедрасында лаборант болып азды көпті уақыт жұмыс істеген. Еңбекақысы аз болғандықтан жеке меншік секторға ауысады. Арада көп уақыт өтпей, әкесінің денсаулығына байланысты Қостанай қаласына оралады.  Бүгінде әкесі қалада ем қабылдап жатыр. Сондықтан ауылдағы отбасын қалаға көшіріп алып, өзі де осында жұмысқа тұрғысы келеді.IMG_0819-Партияның қоғамдық қабылдауына келгендегі мақсатым – «Жас Отан» жастар қанатының сапында еңбек еткім келеді. Отбасылық жағдайға қарай қалаға қоныстанбақпын. Екі бауырым бар. Мен үйдің үлкенімін. Бұрын жеке секторда жұмыс істедім. Бірақ мен мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, баспана алуды ойлаймын. Ай сайынғы зейнетақы аударымдарын жасап, еңбек өтілімді көбейткім келеді. Сондықтан мемлекеттік органдарда жұмыс істеген дұрыс болар,-деді Нұрлан Қайсар.
Қоғамдық қабылдауды жүргізген облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова мен қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Ботакөз Мұқанова жұмыс іздей келген жас маманға қайта даярлау курсын оқуды ұсынды.IMG_0828-Қаңтар айында қайта даярлау курстары басталады. Сіз үш ай тегін оқу мүмкіндігін пайдалана аласыз. Шәкіртақы да беріледі. Курсты бітірген соң алған біліміңізге сай жұмысқа орналасасыз. Тұрғылықты жері бойынша қалалық тіркеу қажет екенін ескерерсіз,-деді жұмыспен қамту орталығының директоры Ботакөз Мұқанова.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА,
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓