Ауыл шаруашылығына арналған жаңа бағдарлама
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Иван Клименко, Сапархан Омаров, Наталья Жұмаділдаева жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді.
Халық қалаулылары Қостанай ауданындағы К.Маркс атындағы шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесіп, ауыл шаруашылығына қатысты жаңалықтармен бөлісті. Ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалында өткен дөңгелек үстелде жалғасты. Басқосуға Нұр Отан» партиясы ҚОФ-ның жанындағы «Аграрлық сектор» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының мүшелері, жергілікті мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен облысымыздағы ірі шаруа қожалықтардың басшылары қатысты. Жиында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері жаңа бағдарламаның мақсат-міндеттері туралы айтып берді.
Елбасы бұған дейін ауыл халқының жағдайын жақсарту қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Елді мекендерде ауылшаруашылық өнімдерін өткізу және қайта өңдеуді қамтамасыз ететін кооперативтер ұйымдастырудың маңыздылығына да көңіл бөлді. Мемлекет басшысының осы тапсырмаларына байланысты еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» әзірледі. Жаңа бағдарлама қазіргі күні ел кәсіпкерлерінің арасында қызу талқылануда.-Дағдарыс жағдайында көптеген дамыған елдер аграрлық салаға тиісті өзгерістер енгізді. Біз де ауыл шаруашылығын қолдауды күшейтуіміз керек,-деді ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселе жөніндегі комитетінің төрағасы Сапархан Омаров.
Басқосуда сөз алған «Парасат» ЖШС агрофирмасы директорының орынбасары Константин Елкин отандық тауарларды жарнамалау жұмыстарын күшейтуді ұсынды.
Басқосуда сөз алған «Парасат» ЖШС агрофирмасы директорының орынбасары Константин Елкин отандық тауарларды жарнамалау жұмыстарын күшейтуді ұсынды.
Қымбат Досжанова.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.