Бүгінгі талап – заманауи технология
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудан және қала әкімдеріне өңірлерде IT-мектептер мен жеке кабинеттер ашу мәселесін қолға алуды тапсырды. Мәселен, Павлодарда IT-мамандар үшін жаңа білім беру порталдары құрылмақ.
-2018 жылы білім беру жүйесіне, әлеуметтік нысандарды жөндеуге басты назар аударуымыз қажет. Өздеріңіз білесіздер, біз биыл Қостанайда IT- мектеп ашамыз. Осы сияқты цифрландыруға нақты көңіл бөліп, әр ауданда осындай мектептер ашу керек. Оның облыс орталығындағыдай үлкен болуы шартты емес, бастысы IT-технологияға шағын да болса, бір бөлме бөлген жөн,-деді облыс басшысы кеңейтілген аппарат мәжілісінде.
Бұл бағыт бойынша өңір басшысы ақпараттық технологияны енгізуді тапсырды. «Бұл міндетті барлық аудандар мен қала басшылары бірінші тоқсанның аяғына дейін аяқтауы тиіс. Сондықтан, тиісті қаржы бөлу үшін және жекелеген инвестиция тартуға осы бастан өз ұсыныстарыңызды жіберіңіздер»,-деді А.Мұхамбетов.Биыл, 1 қыркүйекке салым Қостанайда дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернатының базасында IT-технологиялардың мамандандырылған мектеп-интернаты ашылады. Онда оқушыларға арнайы техникалық курстар ағылшын тілінде оқытылады. 3D моделінің машығы, жеке сайттар ашу, WEB-ұсыныстар, аннимация, графика және мультимедиа технологиясы үйретіледі.
Әлібек ЫБЫРАЙ,
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.