Жаңа жоба үнемді өндіріс үшін
«ССКӨБ» АҚ Кадрларды даярлау орталығында «Үнемді өндіріс негіздері» оқыту курсы басталды. Өндірістік шығындарды барынша төмендетуге арналған оқытудан бүгінде кәсіпорынның 200 маманы өтті.
Шығындарды төмендету, жабдық пен еңбек өнімділігін арттыру кез келген компанияның экономикалық тұрақтылығының кепілі болып табылады. Бұл бағыттар бойынша жүйелі жұмыс Еуразиялық Топ компанияларында жапондық үнемді өндіріс концепцияларының принциптері негізінде құрылып отыр. Бүгінде кен алыбында қолға алынып отырған «Lean Academy» жобасы, ең алдымен, артық тасымалдау, жабдық өнімділігінің теңгерімсіздігі, қызметкерлердің мүмкіндігін қолданбау сияқты кемшіліктерді жоюға бағытталған.
– «Үнемді өндіріс негіздерінің» бірінші курсы жақын арада өндірістегі әр менеджердің оқу бағдарламасында міндетті болад. Жаңа тәсілдің негізгі идеясы теориялық білімнің тәжірибеге барынша жақындауынан тұрады. Курсанттар қағазбастылықты азайтып, фабрика конвейерінің аунақшасын құрастыру бойынша арнайы дайындалған оқу желісінің үлгісінде білімдерін қолдануға үйренеді, – дейді Еуразиялық Топтың операциялық тиімділік жөніндегі директоры Александр Сорокин.
Бастапқыда курсанттар өндірістің үрдістің кемшіліктерін көруге және дұрыс бағалауға үйренеді. Барлығын да аусытыруға болады – жұмыс орындарының орналасуынан бастап орындалатын операцияларды теруге дейін. Ең бастысы – кішігірім өзгертулер арқылы барлық желінің тиімділігіне қол жеткізуге болатындығын көрсету, содан соң осындай өзгерістерді өздерінің жұмыс орындарында жүзеге асыруға көмектесу. 2018 жылы ССКӨБ-тің бірнеше мың жұмыскерлерін оқыту жоспарлануда.
– Алдымызға тек қана көлемді ұлғайту, үрдістерді оңтайландыру міндеттерін ғана қоймай, бірлестік ұжымының мүмкіндіктерін дамытуды да қоямыз. Біздің біліміміздің, шеберлігіміздің, дағдыларымыздың сапасын арттыру, тәжірибеде үнемді өндіріс құралдарын қолдану және оларды өз қызметіне дағдыландыру қажет. «Lean Academy» жобасы – бұл бірлестік қызметкерлерін оқыту мен дамытуға бағытталған алғашқы қадам. Келесі кезең – білім беру бағдарламасының қоржынын кеңейту. Болашақта кәсіпорын ERG-дің барлық қызметкерлері білім алатын және біліктілігін жоғарылататын жоғары кәсіби кадрлар шеберханасына айналуы тиіс, – дейді «ССКӨБ» АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ