Иен далада адасып кеткен
Арқалық қаласына қарасты Ашутасты ауылының 88 жастағы тұрғыны үйінен 2 шақырым қашықтықта адасып, үсіп кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Сергей Шмидтке сілтеме жасап.
20 қаңтар күні түнде құтқарушыларға Арқалық қаласынан 35 шақырым жерде 88 жастағы зейнеткердің жоғалғаны туралы ақпарат келіп түседі.
20 қаңтар күні түнде құтқарушыларға Арқалық қаласынан 35 шақырым жерде 88 жастағы зейнеткердің жоғалғаны туралы ақпарат келіп түседі.
«19 қаңтарда сағат 23:20 шамасында зейнеткер танысының үйінен шығып, Мичурин көшесіндегі өз үйіне бағыт алған. Алайда, ол жолда адасып кеткен. Хабар алған құтқарушылар тобы УАЗ және жол талғамайтын Марш-Бронто көлігімен зейнеткерді іздеуге шығады. Екі сағаттан соң ол Ашутасты ауылынан 2 шақырым жерде табылған. Зейнеткер тізесіне дейін қарға батып, өздігінен қозғала алмай тұрды», – деп хабарлады Шмидт.
Үсік шалған зейнеткер Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді.
























