ШАҢЫРАҒЫМЫЗДЫҢ ШАТТЫҒЫ – «OTAU TV» дейді меңдіқаралық Нұрғалиевтар отбасы
Жоғары сапалы бейнені қамтамасыз ететін отандық спутниктік телеарнаның нарыққа шыққанына көп болмаса да, «OTAU TV»-ның мүмкіндігіне көпшілік көз жеткізіп үлгерді. Солардың бірі – Меңдіқара ауданы, Қаражар ауылында тұратын Нұрғалиевтер отбасы. Сексеннің сеңгіріне келген Хамза әкеміз бен жары Жәмилә анамыз да сандық теледидардың рахатын көріп отыр. Олардың кенже ұлы Амангелдінің айтуынша, бастапқыда жаңа жерсерікті балалар үшін ғана қосыпты. Содан кейін «көк жәшіктің» көрсетіп жатқан қуанышы көбейіп Һәм ол отбасының ақпарттық сенімді серігіне айналыпты.
Ұлттық жерсеріктік телевизиясының Қостанай облысы бойынша филиалының деректеріне сүйенсек, 2010 жылдан бастап Меңдіқара ауданында 920 «OTAU TV» орнатылған болса, оның 27- сі осы Қаражар ауылына қойылған.
– Шыны керек, бұрын небары екі-үш арнаны тамашалап, соған мәз болатынбыз. Енді жаңа сапалы «OTAU TV» сандық телевизиясын пайдаланып келе жатқаныма төрт жыл болды. Бұл сандық теледидар халықтың игілігіне әбден жарап жатыр. Ауылда тұратын барлық ағайындарымыз, көрші-көлемдеріміз жақын арада осы «OTAU TV»-ны қосамыз деп отыр. Кемпіріміз екеуміз бірге көретін күндегі ермегіміз де осы. Жақында мұның базалық пакетін орнаттық. Біздің кезіміздегідей емес, ақпарат алмасқан уақыт қой қазір. Еліміздегі және ғаламдағы түрлі өзгерістерді біліп отыруымыз қажет. Немерем «Телегазет» жобасы жайлы айтып берді. Енді газеттердегі жаңалықтарды теледидардан көре аламыз,- дейді Меңдіқара ауданының құрметті азаматы Хамза Нұрғалиев.
Амангелді Хамзаұлы, Қаражар ауылының тұрғыны: Қазір «OTAU TV» әр үйде бар. Соның арқасында әлемде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып отырамыз. Бұрын өзіміздің «Қазақстан-Қостанайды» күніне бір сағат қана көретін болсақ, бүгінде тәулік бойы ұнайтынбағдарламаларымды тамашалай аламыз. Жалпы құрылғының осы уақытқа дейін ұсақ-түйек ақаулары болмаса, үлкен бір мәселелерге тап болған емеспін. Жаңа эфир желісінің көмегін айырмашылық спорт трансляциялары кезінде қатты байқалды. Өз басым боксты сүйіп көремін. Міне, енді «OTAU TV» стандарт пакетін орнатып алып, бос уақытымда сүйікті спортымның қызықтарын қалдырмай көремін.
Хамза әкеміздің үлкен немересі Оразғали – 14 жаста, ал кішісі Елназар – 5 жаста. Елназар «Балапан», «Карусель» арналарын аса қызығушылықпен тамашалайды. «OTAU TV» арналарының ғаламтор арқылы таралымы шыққаннан кейін Оразғали қалаған телеарнасын компьютерде отырып-ақ көре береді екен. Бұл – сандық теледидардың тұрғындарға ұсынып отырған мол мүмкіндігі дей аламыз.
«Балапан» – қазақстанның бірінші балалар арнасы. 3-12 жас аралығындағы балаларға арналған арна тек мемлекеттік тілде хабар таратады. Телеарна кішкентай көрермендеріне танымдық, спорттық, интеллектуалдық ойындар мен музыкалық шоу, отбасылық хабарлар, анимациялық мультфильмдер мен балаларға арналған телехикаялар ұсынады. Бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытып, зерде-зейінін ұштайтын, тәлім-тәрбие беретін, ұлттық тарих пен салт-дәстүрді санасына сіңіретін сан түрлі бағдарламалар жасалды. Мысалы, «Алға, Диего!», «Саяхатшы Дара», «Алдар Көсе», «Кел, ойнайық!» – Оразғали мен Елназардың ең сүйікті бағдарламалары.
– Саяхатшы Дараның іс-әрекеті, сөйлеуі, ойланып шешім айтуы біз сияқты жас балаларды өте қызықтырады. Балалардың тiлi көбінесе ұғынықты, қысқа, iс-қимыл мен әрекетке бейiм келеді ғой. Сандық теледидарды орнатқаннан кейін көптеген бағдарламаларды көріп келеміз. Логиканы дамытуға арналған, білгірлікке баулитын телеарналардың қатары молайды. Олардың көбі танымды арттырады, – дейді Оразғали.
Сәуле Нұрғалиева, келіні: Әрине, барлық бала мультфильм көргенді ұнатады. Бірақ балаға ұнайтын нәрсенің бәрі пайдалы емес. Танысымның үш ұлы бар. Қостанайда тұрады. Олардың қазақша әдеби сөздерді қосып сөйлейтініне қарап қуанамын. Тіпті, кейде олардың аузынан өзіміз күнделікті қолдана бермейтін сөздерді естіп жатамыз. Ол туралы әпкемнен сұрағанымда, балалардың әдеби сөздерді мектептен, балабақшадан емес, «Балапан» арнасынан үйренетіндерін айтты. Қуанып қалдым. Теледидар көргенде баланың бір нәрсе болсын үйренгені жақсы ғой. Осы үшін де «OTAU TV» – ға алғысымыз шексіз.
Елназар, 6 жаста: Диего – менің сүйікті кейіпкерім. Ол жан-жануарларға көмектесуге шақырады. Мультфильм саяхатшы Дара мен оның 8 жасар бөлесі Диегоның бастарынан өткен қызықты оқиғаларды баяндайды. Кішкентай Дара түрлі себептермен саяхатқа аттанады. Жол бойында кезіккен тапсырмалармен жұмбақтарды шешуде оған оның достары – Карта, Боти атты кішкентай маймыл, Жол дорба, Тиін, Паровоз және кейде Диего көмекке келеді. Ал Алаяқ атты түлкі Дараға ылғи кедергі келтіреді. Диего болса, өзінің әпкесі Алисия және достары Клик пен Құтқарғыш Қоржынның көмегімен джунглидегі көптеген жануарларды құтқарады.
Бүгінде дүние жүзі бойынша тұрғындар цифрлық телерадиохабар таратудың жемісін көріп отыр. «OTAU TV»-ның көмегімен қостанайлықтар еліміздің түкпір-түкпірінде болып жатқан жаңалықтардан олардың жергілікті телеарналары арқылы еш қиындықсыз кез-келген уақытта хабардар болып отырады. 2012 жылдың шілде айынан бері сандық эфирлік трансляция Қазақстанда да басталып, жұртшылыққа ақпарат әлемінің сан алуан қызықтарын сыйлауда. Отандық сандық хабар тарату да жыл сайын жаңа қарқын алып келеді.
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Отауды каншадан койып жатыр?
Біздің қойғанымызға 4 жыл болды 25 мыңға орнаттык казыр 20-21мың шыгар
Армысыздар ма Қостанай таңы! кімге хабарласамыз Отау қояйық деп едік, сіздер көмек беріп жіберіңіздерші, Федоров ауданындамын.