Полицей суицидтің алдын алды

Рудныйлық учаскелік полицей өзіне-өзі қол жұмсамақшы болған адамды құтқарып қалды.20161229164126

«Бүгін сағат 14.00-де Рудный қалалық ішкі істер басқармасына өзіне-өзі қол жұмсамақшы болған жас жігіттің Ленин көшесі, 270 мекенжайындағы көпқабатты үйдің шатырына шығып тұрғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті», – деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі. Айтылған жерге учаскелік полицей Қайрат Дәуренбеков барады. Ол шатырдың үстіне шығып, жігітпен сөйлеседі. Ол бұрынғы жұбайының 10 айлық ұлын көрсетпейтінін, сол себепті суицид жасағысы келгенін айтады. Сақшы ер кісімен сөйлесіп, мұндай әрекет жасамауға көндіріп, төмен түсіреді. Қазір оған психологиялық көмек көрсетілуде. Учаскелік полицей ер кісінің бұрынғы жұбайымен кездесіп, мән-жайды анықтамақшы.

Қазақпарат

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓