Нұрғалиев қайта оралды

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Азат Нұрғалиев Қостанайдың «Тобылына» көшті.
Шымкент футбол мектебінің түлегі Азат Нұрғалиев «Тобылмен» 1 жылға келісім-шартқа отырды.450_54284a9ca9801Бұл Нұрғалиевтің «Тобыл» сапына екінші рет келуі. Ол 2010 жылы қостанайлық ұжым сапында ел чемпионы атанды. Бұған қоса Қазақстан Кубогы мен Интертото Кубогын ұтты. Тәжірибелі ойыншы «Тобыл» құрамын күшейтері сөзсіз. Азат қазір командамен Түркияда оқу-жаттығу жиындарында жүр.
Азат Нұрғалиев былтырғы маусымда «Ордабасының» капитаны болды. Оның алдында «Жетісу» және «Сұңқар» клубтарына жалға берілді. Біршама уақыт "Астана" клубында ойнады.
Ұлттық құрамаға алғаш 2009 жылы шақырылды. Жалпы елдің басты командасында осы уақытқа дейін 29 ойынға қатысқан.
 

 
"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓