Ирина АРОНОВА, ҚР Мәжілісінің депутаты: «Бұл Жолдау болашаққа бағдар болмақ»
-Елбасының биылғы Жолдауы еліміздің қазіргі даму жолынан жаңылыспай, осы қарқынды ісімізді одан ары жалғастыруды меңзейді. Ең бастысы, ел экономикасының модернизациясы, әлеуметтік жаңғыру, жемқорлықпен күрес және логистика мәселелерін шешуде аянбай еңбек ету керек. Бұл жұмыстарды еңсеру арқылы мемлекет өзінің даңғыл жолына түседі. Мәселен, логистика бойынша Елбасы интеллектуалды транспорттық жүйені енгізуді атап өтті. Бұл дегініміз – инфрақұрылымның жарқын келешегі. Заман үрдісіне ере отырып, сапалы өнім алуға және артық шығыннан құтылуға болады.
Президенттің бұл Жолдауы қоғамның барлық мәселелерін қамтып отыр. Аталған барлық шаруанын орындалуын депутаттар басты назарда ұстайды. Маңызды құжатта әлеуметтік сала, яғни жоғары білім беру және медициналық қызмет сапасын жақсарту көзделген. Нақ осы салаларда біз бәсекелестікке қауқарлы болуымыз керек. Ол үшін мамандардың әлеуетін арттырып, еңбекақыларын жоғарлатуды талап етеді. Осы жобаларды жүзеге асрыу мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне өзгерістер енгізуді бұйырды.
Жыл сайын білім және денсаулық сақтау салалырына қомақты қаржы бөлінеді. Сондықтан, аталған секторды қадағалайтын қос министрді өз жұмысын жүйелі түрде қайтақұру жұмыстары күтіп тұр.
Әрбір қазақстандық Елбасы Жолдауының іске асуына өз үлесін қосады деп білемін.