Жолдау талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімованың төрағалығымен Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыру тұрғысындағы стратегиялық сессия өтті. Жиын барысында әлеуметтік блок басшылары Жолдауды іске асыру жоспарларын талқылады.
Сессияның басты міндеті жергілікті атқарушы органдардың күш-жігері мен өңірдің ғылыми әлеуетін біріктіру мәселелерін талдау болды. Отырысқа саясаттану ғылымдарының кандидаты Ғазиз Шаймерден және Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Азамат Рыскелдин сарапшы ретінде шақырылды.
Сессия жұмысы барысында сындарлы диалог құрылып, мемлекеттік органдардың жұмысы мен азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылына баға берілді. Ғазиз Ықсанғалиұлы нақты теориялық және нормативтік аппараттың қалыптасуы, ашық диалогтың қажеттілігі мен мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығына ғылыми тұрғыдан талдау жасап өтті.Сарапшылар атап өткендей, Жолдау қоғамдық диалогтың жаңа кезеңі болып саналады. Сессия соңында қоғаммен, әсіресе, ауылдық жерлерде бірлесіп жұмыс атқару жолдарын әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓