Күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған жолдауында айтты.
Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет,
Ол мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын деп айтты.
Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады,