Мәжілісмен Алтынсарин ауданында болды
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Коммунистік халық партиясының өкілі Тұрғын Сыздықов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Сарыкөл, Федоров, Алтынсарин аудандарында болып, тұрғындармен кездесулер өткізді.
Халық қалаулысы Алтынсарин ауданына арнаған сапарын Мәриям Хакімжанова атындағы Щербаков орта мектебінен бастады. Білім ошағының педагогтарымен жүздесіп, оқушылармен пікірлесті. Аталған кездесуде үш тілді меңгерудің маңыздылығы сөз болды. Одан кейін ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. 2014 жылы пайдалануға берілген жаңа ғимараттың іші кірсе шыққысыз. Нысанның жалпы аумағы 313 шаршы метр. Мұнда жиырма жылдан астам еңбек тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Кадр тапшылығы жоқ. Ауыл тұрғындары дәрі-дәрмекті аудандық дәріханадан алады. Ал ауылдық амбулаторияда қант диабеті сияқты ауру түрлеріне арналған дәрі-дәрмектер беріледі. Медицина мамандарының айтуынша ауылда тегін дәрі-дәрмектің тапшылығы болған емес.
-Үкімет денсаулық сақтау саласының мәселелерін уақытымен шешіп, олқылықтардың орнын толтыруды қолға алып жатыр. Медицина саласының дамуы, бет алысы депутаттардың да назарында,-деді мәжіліс депутаты Т.Сыздықов.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ.
Халыққа жаны ауырғандар осы кезде Арқалық, Аманкелді, Жәнкелдин, Науырзым аудандарының халқымен кездесулері керек қой. Жақын Алтынсарин ауданынан шықпайсыңдар, олардың басшыларын аясаңдар қайтеді.