Пирамиданы айналып өтіңіз

Соңғы уақытта елімізде қаржы пирамидаларының белгілері бар ұйымдардың белсенділігі артып отыр, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Құқық қорғау органдары қараша халықтың қалтасын қаққыш алаяқтардан абай болуды ескертеді.пирамидаБұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Facebook желісінде жазды. Оның мәліметінше, 2016 жылы қаржы пирамидасын құру және оны басқару бойынша 350 қылмыстық іс қозғалған болса, биылғы төрт айда-ақ мұндай істер саны 351-ге жетіп отыр. Ал алаяқтардың алдауынан он мыңдаған қазақстандық зардап шеккен. 
Мәселен, Questra Holdings Inc. шетелдік компаниясының қылмыстық әрекетінің әшкереленді. Оның қызметкерлері компания есебіне 30 мың теңге аударған адамдарға жарты жылда үстіне 40 мың теңге қылып қайтарамыз деп алдаған.  Мұның алдында Астанада алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан топтың жолы кесілді. "Респект" ЖШС-ның директоры К.Ж.Ибраев компания BANK OF KINGDOM ұлыбританиялық банкімен келісімге отырып, 1000 еуро көлемінде кепілсіз кредит берумен айналысады деп елді алдаған. Ол адамдармен кредит алу бойынша келісімшарт жасасып, 75 мыңнан 7 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем жинап, ізім-ғайым жоқ болған. Алданған азаматтар саны мыңнан асқан. Қылмыстық істі тергеу қорытындысы бойынша Ибраев 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 
"Осыған байланысты ішкі істер органдары азаматтарға абай болып, жылдам пайда табуыды ұсынған ұйымдардан аулақ болуға шақырады", – деп жазды Сәдубаев.
«Қаржы пирамидалары» қараша халықтың қалтасын әлі қағып жүр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓