Жаңа жүйе енгізіледі

Келесі жылдың басынан жалақы төлеудің жаңа формасы енгізілетін болды. Яғни, мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы факторлық-балдық шкала және бонустардың негізінде төленеді. Мұндай тәжірбие еліміздің екі өңірінде бар.20180920_110511
        Қазір мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы олардың еңбек өтіліне, лауазымына қарай беріледі. Дегенмен, әр қызметкердің жұмыс ауқымы, оның тиімділігі есепке алынбаған. Ал сыйақы бәріне бірдей есептеліп жүр. Мамандар бүгінгі еңбекақы жүйесі осыдан он төрт жыл бұрын қабылданғанын айтады. Ол әбден ескірген.
        -Мәселен, орталық пен өңірлердегі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер мен жекеменшік сектордағы жалақы мөлшері бір-біріне үйлеспейді. Жаңа жүйе осы мәселеге нүкте қоюуы тиіс. Енді еңбекақы факторлық-баллдық шкалаға байланысты және бонустық негізге құрылады,-дейді мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев.
         Жаңа жылдан бастап әр лауазымды тұлғалардың жұмысы баллмен бағаланады. Яғни, олардың біліктілігі, жүктелген міндеттің көлемдік дәрежесі, белгілі бір нәтижеге қол жеткізудегі жауапкершілігі есепке алынбақ. Былайша айтқанда, лауазымы жоғарылаған  сайын жалақы қосылып отырады. Алайда, лауазымы бірдей мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы атқарған жұмысына қарай әртүрлі болуы бек-мүмкін. Мұндай жүйе Астана мен Маңқыстау облысында жұмыс істейді. Осылайша жалақы мөлшеріндегі айырмашылықтар азая түседі, Ал бос орындаоға жарияланатын конкурс үш есеге ұлғайтылмақ.
        Жаңа жүйенің енгізілуі аппараттық ведомсвалардың жалақысын өсіруге әсер етпейді. Қосымша қаржы жекелеген мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарды оңтайландырудың есебінен жүргізілетін болады.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓