500 электромобиль құрастырылады

могилатовЕлбасының кезекті Жолдауын мұқият тыңдадық. Расында да, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру заман сұранысынан туындап отыр. Мемлекет басшысы Қазақстан арқылы өткен жүк транзитінің былтыр 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтағанын айтты. Сонымен қатар біздің алдымызға транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды. Бұған Қостанай облысы да айтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін. Жалпы, Қазақстанда құрастырлатын iEv7S электромобилдері  Қытайдың JAC маркасының негізінде жасалған. Іс жүзінде бұл кроссовер NEDC циклімен 280 шақырымға дейін тоқтамай жүре алады. Егер жылдамдықты 60-тан асырмаса 350 шақырымға дейін баруға болады. Ал автокөлік батареясын толық қуаттау үшін шамамен 7 сағат уақыт қажет. 2018 жылдың аяғына дейін Қостанайда 500 электромобиль құрастырып шығару жоспарланған. Көліктің бағасы шамамен 7,5 млн теңгеден басталады. Аталған көліктердің жалпы сатылымға дәл қай кезде шығатыны әзірге белгісіз.
электрокарАлдағы уақытта жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, оған цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету жоспарда тұр. Бұл логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Біздің кәсіпорын Қытай, Ресей, Өзбекстан сияқты елдермен тығыз байланыста. Соңғы жеті жыл ішінде зауыт 30 мың автокөлік шығарылды. Автобус өндірісі 12,4 есеге артты. Былтырдан бері 215 «Ивеко» маркалы автобус құрастырылып, Астанада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келушілерді тасымалдауға жөнелтілді. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің өндірістік алаңында ANKAI атты автобустардың бірлескен зауыты іске қосылды. Автобустар «Еуро 5» экологиялық талаптарына сай келеді. Газбен де, дизельді отынмен де жүреді.
 
Сергей Могилатов,
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС директорының
техникалық даму жөніндегі орынбасары

You may also like...

1 Response

  1. Ттт айтты:

    Сонда жеті сағат күтіп тұру керекпа заправкада? Басқа облысқа барғанда қалай болады? Ақылға қонымсыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓