Дос құны – 20 мың теңге…

Танысын буындырып өлтірген Қамысты ауданының 32 жастағы тұрғыны сот алдында жауап береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. удушениеҚайғылы оқиға былтырғы жылдың 20 қазаны күні болған. Анықталғандай, 32 жастағы қамыстылық танысын 20 мың теңге үшін өлтірген.
«Қамысты ауданының тұрғыны А.Рерих өз үйінде 46 жастағы Е.Грушева есімді танысымен бірге спирттік ішімдік ішеді. Сәлден соң қос тараптың арасында жанжал туындайды. Себебі Рерих Грушевадан бұрынғы қарызын сұрайды. Әйел қанша ақталғанымен, Рерих ашуға булығып, оны 20 минут бой буындырады.  Бұған қоса күдікті жәбірленушіні тепкіге алады», – делінген облыстық соттың баспасөз қызметі хабарламасында.
Біршама уақыттан соң Рерих әйелдің мүрдесін жертөлеге апарып тастайды. Екі күн өткен соң ол өзінің танысы, бұрынғы тәртіп сақшысына қоңырау шалып, үйінен әйел адамның денесін тауып алғанын айтады. Ал экс-полицей жергілікті учаскелік инспекторға хабар берген. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓