Іркіліс жоқ, ілгерілеу бар

Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Э.Күзенбаев облыстық БАҚ тілшілерімен кездесіп, ауданның ағымдағы жылдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалымен таныстырды.IMG_8768
Аудан әкімі баспасөз мәслихатында Сарыкөл ауданының осы уақытқа дейінгі жай-күйінен мәлімет берді. Аудан өнеркәсіп өндірісі көлемі жөнінен аудан-қалалар арасында 10-орында тұр. Биыл 2 млрд.475 млн. теңгенің өнімін шығарған. Физикалық көлем индексі 109,5 пайызға тең. Негізінен, бұл өлке экономикасының басым үлесін ауылшаруашылық саласы құрайды. Осы жылдың қыркүйек айына дейінгі есеп бойынша, аталған салаға қатысты , ұзын саны, 4 млрд. 785 млн. теңгенің инвестициясы тартылған.  
-Жекелей тоқталғанда,  ауданда мал шаруашылығының дамуына «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» мемлекеттік бағдарламаларының ықпалы көп тиді. Өріс 1045 бас ІҚМ-мен толықты.  Ет өндірісі де көңіл көншітеді. «Крыловское», «Златоуст», «КазПроИнвест» серіктестіктері  герефорд және қазақтың ақбас сиырын өсірумен қоса, ет өндірісі жөнінен көш бастап тұр,-дейді Э.Күзенбаев.
Жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы да, белсенділік баяулау болса да, көш соңында емес. Қазіргі таңға дейін индустрияландыру картасына 1 млрд. 324 млн. теңгенің 4 жобасы іліккен. Төртеуі де – мал шаруашылығы бағытында. Мәселен, «Сорочинское», «Арыстан ПК» ЖШС-тері, Янков жеке кәсіпкерлігі жалпылай айтқанда жыл басынан бері 497,7 млн. теңгенің өнімін өндірген. Аталмыш кәсіпорындар 75 жергілікті тұрғынның қос қолына бір күрек тауып берді. Индустрияландыру картасынан тыс тағы 10 жоба іске қосылған. Олардың жүзеге асырылуына 573 млн. теңге жұмсалған.
Әлеуметтік саланың  да сынға ілігерлік қыры көрінбейді. Білім саласын дамытуға қашаннан басымдық беріліп келеді. 2015 жылғы сала бюджеті 1 млрд. 373 млн. теңгені құрады. Жұмылдырылған күш мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін кеңейтуге, «Балапан» бағдарламасын іске асыруға, міндетті жалпы орта білім беруді қамтамасыз етуге, қосымша білім беруді дамытуға бағытталған.
Қазіргі уақытта ТКШ басты назарда ұсталып отыр. Қыс танау астына таяған кезеңде жергілікті халықты, мекемелерді отынмен қамсыздандыру – кезек күттірмейтін мәселе. Э.Күзенбаев бұл  турасындағы түйткілдер де оңтайлы шешімін тапқанын айтты. 12,7 мың тонна көмір дайындалғын. Білім беру саласының 33 нысанының, денсаулық сақтау саласының 28 нысанының және екі көппәтерлі тұрғын үйдің электр желілері, жылу құбырлары толықтай жөндеуден өткізілген. Ауданға қарасты елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту 84 пайызды құрайды.
Баяндамада сөз етілген салалар тілшілердің сұрақтар қоюы арқылы кеңірек талданды.
 
Ж.Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓