Жылдың жеті жаңалығы

Кейкі кесенесі
Кейкі батыр Көкембайұлының бассүйегін Жер-Ана қойнына тапсыру рәсімі тұтас ел үшін ерекше тарихи оқиға болды. 15 қыркүйек күні Аманкелді ауданына қарасты Тасты ауылының тұсында батырға арналып салынған кесенеге бассүйек жерленді. Шара республикалық сипатқа ие болды. Түрлі мәдени және спорттық шаралар, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.кейкі
 
Ер Жәнібектің ескерткіші ашылды
Облыс орталығында қазақтың тұңғыш Тарханы, әйгілі батыр, мәмілегер Шақшақ Жәнібектің еңселі ескерткіші орнатылды. Ат үстінде отырған батырды бейнелеген ескерткіш әуежайға барар жолдағы Карбышев-Уральская көшелері қиылысына қойылды. Нысан Тархан ұрпақтарының жиған қаржысына салынды.Шараға куә болуға қазақ зиялылары, ҚР Парламентінің депутаттары, алыс-жақыннан ұрпақтары арнайы келді.шакшак
 
Индустриялық аймақ – экономикалық қуат
Желтоқсан айының алғашқы аптасында нысанның әкімшілік-тұрмыстық ғимараты салтанатты түрде ашылды. Өндіріс орны облыс орталығының солтүстік-батыс жақ қиырында, Федоров ауданына қарай шыға берісте орналасқан. 2,5 млрд теңге жұмсалды. Көлемі 400 гектар жерді алып жатыр. Әзірге 120 га аумақта құрылыс қарқынды жүруде. Қалған аумаққа тағы басқа инвесторлар тарту қарастырылу үстінде. Облыс әкімі А.Мұхамбетовтың айтуынша, алдағы екі жылда мұнда кем дегенде 10 өндіріс ошағы жұмыс істеуі тиіс.аймак
 
Ауылдарға газ жетті
Биыл облыс тұрғындарын газбен қамту жұмыстары жоспарға сай іске асты. Атап айтқанда, Денисов ауданының Алчанов, Антонов ауылдарына және Қарабалық ауданының Тоғызақ, Ворошилов елді мекендеріне көгілдір отын берілді. Жалпы, екі жыл ішінде облыс бойынша 8 газ тарату бекеті ашылған.  Осылайша, табиғи газды пайдалану көрсеткіші өңірде 10 пайызға көтеріліп отыр.газо
 
Тыңнан түрен салған…
2017 жылы облыста жаңа кәсіпорындардың саны артты, соны сапаға көшті. Солардың елеулілері – "ССКӨБ" АҚ-ның автоматтандырылған "Ақылды кеніші" және "Милх" ЖШС-нің қышқыл сүт өнімдерін шығаратын зауыты. Оларды республикалық дәстүрлі телекөпір барысында елбасы Н.Назарбаев іске қосып берді. Сонымен қатар, қарақұмық өңдеу цехы, "Баян-сұлу" АҚ жанынан сникерс цехы ашылды. Жеделсаты шығаратын зауыттың құрылысы басталды.  лифт
 
Қазақшаланған атаулар
Жыл басында Қостанай қаласындағы қос көшеге "Тәуелсіздік" және "Қобыланды батыр" атауларын беру туралы ұсынысты республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған болатын. Бұл бастама жалғассыз қалған жоқ. Қостанай ауданының Давыденов ауылы "Еңбек" болып өзгертілді. Сондай-ақ, Рудный қаласының 4 көшесін мемлекеттік тілге алмастыру жөнінде қоғамдық тыңдалым өтті. Қостанай ауданының 27 ауылына "жаңа есім" беру ұсынысы жасалды.давыденовка
 
"Қостанай таңына" 95 жыл
Облыстағы қазақ баспасөзі қара шаңырағының құрылғанына 95 жыл толды. "Қостанай таңы" газеті ең алғаш 1922 жылы "Ауыл" деген атаумен жарық көрген еді. Бұл – ұлт зиялылары Мұхаммеджан Сералин және Бейімбет Майлиннің қолтаңбасы қалған ата басылым. Қазақтың көптеген маңдайалды тұлғалары, қаламгерлер осы редакциядан қанаттанған. Әлі күнге дейін облыстағы мемлекеттік тілде ақпарат тарататын бірегей газет болып саналады.   maxresdefault

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓