Нұржан Наушабаев – “Көкен-ай”

Нұржан НаушабайұлыНаушабаев Нұржан (Нұрмұхамбет) (1858, қазіргі Қостанай облысы Алтынсарин ауданы – 1919) – ақын. Діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Анасы Қадишадан (Шал ақынның қызы) жастайынан айырылған ол нағашыларының қолында тәрбиеленген. Троицк қаласында З.Расулов медресесінде білім алған. Жастайынан араб-парсы тілдеріндегі кітаптар мен татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды, әнші, сері, балуан атанып, дидактиктикалық үлгідегі нақыл, терме, толғау, мысал және назым, ғақлия жырларын жазды. Оның 40 шақты өлеңі мен айтыстары “Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы” (1903), “Манзұмат қазақия” (1903), “Алаш” (1910) атты жинақтарында Қазан қаласында басылған. Наушабаев өлеңдерінің негізгі тақырыбы – өнер-білім мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау.
Ақынның “Көкем-ай”, “Көңіл ажар”, “Жан сәулем”, “Асылай”, “Мұқидаш”, “Бес тілек”, т.б. әндері ел арасына кең тараған. Бүгін назарларыңызға "Көкем-ай" әнін ұсынамыз. Орындаушы – "Мен қазақпын" жобасында Қостанай облысының намысын қорғаған дарынды әнші Қыдырбек Қиысханұлы. Қабыл алыңыздар!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓