«Ақтаңгерге» – «Құрмет»

Тәуелсіздік күні Орал қаласында «Тұғыры биік Тəуелсіздік!» атты «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылғаны мәлім. Айтыс барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен белгілі айтыс ақыны Айбек Қалиевке «Құрмет» ордені тапсырылды. 
88fce289-3551-4070-9fb6-e51a6ef17c43
– Айекең қандай құрметке болса да лайықты жан. Оның қазақ өнеріне сіңірген еңбегін Мемлекет басшысының елегені жерлестері үшін үлкен жетістік. Әсіресе, шәкірт тәрбиелеу жолында ерінбей тер төгіп келеді. «Ақтаңгердің» жетістігі – Қостанайдың қуанышы, – деп атап өтті айтыс ақыны Салтанат Өтелбай.
a8b633e0-8346-4b9b-bfaf-3b7859396de4
Редакция ұжымы Айбек Қалиевті айтулы жетістігімен құттықтайды!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓