Сайлаудың әділ өтуі – біздің қолымызда!

ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы Рудный қаласында да аса белсенділікпен өтіп жатыр. Мәселен, №5 гимназияда орналасқан 147-сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Сергей Пичинның айтуынша, тұрғындар таңертеңгі 6.00-ден бастап кезекке тұра бастаған.ZFV_5544
– Сағат 14.00 шамасында учаскеде тіркелген 2198 адамның 1500-ге жуығы келіп, өз таңдауын жасады. Біздің басты міндетіміз – сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау. Жарық сөніп қалғанның өзінде, жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін арнайы шамдар да әзірленіп тұр, – дейді ол.Сергей Пичин
Ал саяси науқанның әділ, әрі халықаралық талаптарға сай өтуін жергіліктілермен қатар ТМД елдерінен келген бақылаушылар қадағалап отыр.
– Рудныйлықтардың саяси белсенділігі жоғары екендігі қуантады. Бұл, ең алдымен, жергілікті халықтың елдің алдағы тағдырына немқұрайлы қарамайтындығының белгісі. Ал учаскелердегі жұмыстардың ұйымдастырылуына келсек, біздің тарапымыздан еш ескерту жоқ. Барлығы өз ретімен өтуде, – дейді Челябі қаласынан келген бақылаушы Надежда Шарипова.Надежда Шарипова
Берекет Ордабаев «ССКӨБ» АҚ Темір жол көлігі басқармасында жұмыс істейді. Ол осыдан 5 жыл бұрын Өзбекстанның Үшқұдық қаласынан көшіп келген. Өткен жылы Президент сайлауына да қатысқан Берекет биыл да азаматтық парызын орындауды жөн санапты.Берекет Ордабаев
– Бұл сайлаудың ашық, әрі жоғары деңгейде өтуі – әрбір қазақстандықтың қолында. Егер менсіз-ақ депутаттар сайланады деген жаңсақ пікірді ұстансақ, болашағымызға немқұрайлы қарағанымыз. Мен өзбек елінде жүргенде кандидаттарымыздың арасында бірде-бір қазақ ұлты болмаса да, барлық сайлауға белсене қатысатын едім. Себебі, бұл менің ел алдындағы жауапкершілігім, азаматтық борышым, – дейді ол.
Ұлыстың ұлы күні Наурызбен тұспа-тұс келген сайлауда тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «ССКӨБ» АҚ әкімшілігі бауырсақтар мен тәттілер салынған пакеттерді тегін таратып жатты.ZFV_5376Жалпы, қала бойынша 85 мың сайлаушы үшін 51 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ал өздігінен жүріп-тұруы қиын азаматтардың үйлеріне сайлау комиссиясының өкілдері өздері барып, дауыс беруіне мүмкіндік жасамақ.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓