Халықаралық әуежай сатылымға қойылды

Қостанай халықаралық әуежайы жекешелендірудің екінші кезеңі аясында тағы да саудаға қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Без названияӘуелде, халықаралық әуежайды сатып алу құқығы бойынша сенімді басқаруға беру тендерін өткізу 2017 жылғы 20 желтоқсанға жоспарланған. Алайда, өтінім түспеген соң тендер өткізілмеді. Әуе айлағының бастапқы бағасы – 862,1 млн теңге. Кепілдік жарнасы 129,3 млн теңгеге тең.
Тендердің негізгі шарты бойынша Қостанай әуежайы 4 жылда сатып алу құқығымен сенімді басқаруға беріледі. Сондай-ақ, әуежайды басқаруға келген тұлға жолаушылар терминалын қайта құру жұмыстарымен және бір-екі жыл ішінде қайта құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуі керек.
Енді екінші сатылым 2018 жылдың 9 қаңтары күні өтеді. Айта кетейік, аталған нысан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің балансында тұр. Ол Қостанай қаласы төңірегінің оңтүстік-батыс жағынан 2 шақырым жерде және әкімшілік орталығынан 5,6 шақырым қашықтықта орналасқан. Әуежай халықаралық мәртебеге ие. Бір жылдағы рейс саны – 1700. Жеткізілетін жүктердің, поштаның көлемі – 250 тоннадан астам.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓